РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Беген ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 28 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Беген ауылдық округінің әкімі | Н. Асылгожин |