Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылының көшесінің атауын қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 5278 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Беген ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 28 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Беген ауылдық округінің әкімі Н. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады