Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.03.2019 № 80 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 231 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г.Акулов |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "07" қарашадағы № 208 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Ұйым жұмыскерлерінің тізімдік саны | Жұмыс орындары квотасының мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін |
2 |
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін |
3 |
екі жүз елу бірден жоғары |
4 |