"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 231 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 20176 жылғы 7 қарашадағы № 208 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 5308 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.03.2019 № 80 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 231 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г.Акулов

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "07" қарашадағы
№ 208 қаулысына
қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйым жұмыскерлерінің тізімдік саны
 

Жұмыс орындары квотасының мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2
 

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3
 

екі жүз елу бірден жоғары

4
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады