Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:
1. "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №38-6/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4190 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінде 2015 жылы 18 қарашада №93 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2015 жылғы 28 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" №104 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3984 тіркелген) қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Тауасаров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |