"Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №38-6/3 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 13-4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 маусымда № 5106 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:

      1. "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №38-6/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4190 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінде 2015 жылы 18 қарашада №93 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2015 жылғы 28 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" №104 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3984 тіркелген) қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Тауасаров
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады