Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 08.01.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 21 сәуірдегі ұсынысы негізінде Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Айнабұлақ ауылдық округінің Қайнар ауылына мүйізді ұсақ малдарынан сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі | М .Көшербаев |