Айнабұлақ ауылдық округінің Қайнар ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 маусымда № 5055 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің 08.01.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 21 сәуірдегі ұсынысы негізінде Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Айнабұлақ ауылдық округінің Қайнар ауылына мүйізді ұсақ малдарынан сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі М .Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады