Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 05.01.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы "Қазақстан Ресубликасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағы 18 тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы ұсынысы негізінде Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Сартерек ауылдық округіндегі Көгедай ауылының ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартерек ауылдық округінің әкімі | Ә. Орынбаев |