Сартерек ауылдық округіндегі Көгедай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5004 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 05.01.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы "Қазақстан Ресубликасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағы 18 тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы ұсынысы негізінде Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Сартерек ауылдық округіндегі Көгедай ауылының ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сартерек ауылдық округінің әкімі Ә. Орынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады