Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 22.11.2018 № 38/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 – бабының 5- тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53- бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 34-1 бабы 1- тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек:
1) "Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 18000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2) "Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға бюджет қаржаты есебінен 18000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде көрсетілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген мөлшерде көрсетіледі.
2. Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсанындағы № 13/6-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2842 тіркелген, "Пульс! Зыряновска", "Көктас таңы" газеттерінде 2013 жылғы 31 қаңтарда № 4 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы | О.Ледянкин |
Зырян ауданының | |
мәслихат хатшысы | Л.Гречушникова |