РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Боран ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. "Күршім ауданы Боран ауылдық округінің Боран, Жиделі, Қазақстан ауылдарының аумағында шектеу-шараларын белгілеу туралы" (Боран ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 1, "Рауан" газетінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 30 нөмірінде жарияланған, нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тізілімінде 2014 жылғы 12 мамырда № 3308 тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Боран ауылдық | |
округінің әкімі | М. Айтжанов |