Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 10.05.2017 № 01 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 228, 229, 230 ұсыныстары негізінде, Боран ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Боран ауылдық округінің Боран, Жиделі, Қазақстан ауылдарында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Күршім ауданы әкімдігінің шараушылық жүргізу құқығындағы "Күршім мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының Боран ауылдық округінің мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі Қ.Карменовке осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Боран ауылдық | |
округі әкімі | М. Ағиеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Күршім ауданы әкімдігінің шараушылық | |
жүргізу құқығындағы "Күршім мал дәрігері" | |
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның | |
директоры | Қ. Ибраев |
" 29 " 04 2014 ж.