Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 24.04.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округі әкімінің м.у.а ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі Қаратоғай ауылында ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалғұты ауылдық округі әкімінің м.у.а |
Н. Әубәкірова |