Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі Қаратоғай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 02 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 5187 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 24.04.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округі әкімінің м.у.а ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі Қаратоғай ауылында ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қалғұты ауылдық
округі әкімінің м.у.а
Н. Әубәкірова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады