Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 22.02.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 450 ұсынысы негізінде, Төсқайың ауылдық округі әкімінің м.у.а ШЕШТІ:
1. Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылында ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төсқайың ауылдық округі әкімінің м.у.а |
Р. Нұрғалиева |