Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 4854 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 410 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 10.12.2019 № 410 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтарындағы "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4415 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р. Үмітбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім
      ауданының әкімі С. Чукаев
      "КЕЛІСІЛДІ":
      Күршім аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Сағанақов

      "20" желтоқсан 2016 жыл

  Күршім ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 331 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамтамасыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысы орынбасары;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3) мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын мүгедектерге күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттарға және мүгедектерге күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;

      5) дефектолог, легопед, әдіскер, есепші, психолог.

      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшының орынбасары;

      2) мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;

      3) кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушісі;

      4) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      5) әлеуметтік педагог;

      6) педагог-психолог;

      7) аға тәрбиеші;

      8) тәрбиеші;

      9) музыкалық, көркемдік, үйірме жетекшісі;

      10) аға вожатый, вожатый;

      11) қосымша білім педагогы;

      12) медбике;

      13) педогог-ұйымдастырушы;

      14) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;

      15) хореограф;

      16) жаттықтырушы;

      19) кітапханашы, зертханашы, есепші, экономист, хормейстер, дәрігер.

      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшының орынбасары;

      2) аға мәдени ұйымдастырушы;

      3) сүйемелдеуші;

      4) аға кітапханашы, кітапханашы;

      5) музыкалық жетекші;

      6) барлық атаулының әдіскері;

      7) көркемдік жетекші;

      8) би үйірмесінің жетекшісі;

      9) сүйемелдеуші - концертмейстер;

      10) дыбыс режиссері;

      11) хор жетекшісі;

      12) вокал студиясының жетекшісі;

      13) көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі;

      14) бұқаралық шаралардың режиссеры;

      15) топ жетекшісі;

      16) халықтық ұжымның жетекшісі;

      17) студия жетекшісі;

      18) есепші, экономист;

      19) оператор - программист.

      4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:

      1) басшы, директор; мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшының орынбасары;

      2) әдіскер.

      3) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы

      4) медбике

      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) ветеринарлық дәрігер, ветеринар пунктінің меңгерушісі;

      2) ветеринарлық пунктінің ветеринар фельдшері.

      3) Ветеринарлық пунктінің ветеринар санитары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады