Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте № 5186 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 22.02.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 450 ұсынысы негізінде, Төсқайың ауылдық округі әкімінің м.у.а ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округінің Шанағаты ауылында ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төсқайың ауылдық
округі әкімінің м.у.а
Р. Нұрғалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады