Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 05.03.2019 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 қазандағы № 441, 2017 жылғы 30 қазандағы № 488 ұсыныстары негiзiнде, Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тарбағатай ауданының Ырғызбай ауылдық округiнiң Жәнтікей ауылына және Көкжыра ауылдық округiнiң "Мырзабай" учаскесінде мүйізді ірі қара және ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкiмi | Д. Оразбаев |