Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданының Ырғызбай ауылдық округiнiң "Жәнтікей" ауылына және Көкжыра ауылдық округiнiң "Мырзабай" учаскесіне шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 542 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 99 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5752 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 127 және 2019 жылғы 05 ақпандағы № 112 ұсыныстары негізінде Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара және мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Тарбағатай ауданының Ырғызбай ауылдық округiнiң "Жәнтікей" ауылында және Көкжыра ауылдық округiнiң "Мырзабай" учаскесінде шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 542 "Тарбағатай ауданының Ырғызбай ауылдық округiнiң "Жәнтікей" ауылына және Көкжыра ауылдық округiнiң "Мырзабай" учаскесіне шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 тіркелген, 2017 жылғы 18 қарашадағы "Тарбағатай" газетінде және 2017 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады