Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 04.01.2019 № 1 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 502 ұсынысына сәйкес, Аблакет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің Сагыр ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Аблакет ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі Е.Кайсановқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аблакет ауылдық округ әкімі | А. Агланбеков |