Ұлан ауданының Аблакет ауылдық округінің Сагыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 4880 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 04.01.2019 № 1 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 502 ұсынысына сәйкес, Аблакет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің Сагыр ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Аблакет ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі Е.Кайсановқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.


      Аблакет ауылдық округ әкімі А. Агланбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады