Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "2015 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 395 қаулысының (2014 жылғы 31 желтоқсанда "Уба-Информ" газетінің № 53 санында жарияланған, Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3586 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 396 қаулысының (2015 жылғы 07 қантарда "Уба-Информ" газетінің № 1 санында жарияланған, Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3594 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |