2015 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы N 395 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда N 3586 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 19.01.2017 № 13 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасының негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;
      15) өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастырылуы және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін тұлғалар;
      16) жалақысы сақталмайтын демалыстағы тұлғалар;
      17) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      18) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) тұлғалар;
      19) жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылар мен студенттер;
      20) 50 жастан асқан тұлғалар;
      21) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;
      22) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсынан өткен тұлғалар.
      1. "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Бабаева Г.Н.) мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Шемонаиха ауданының әкімі
А.Тоқтаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады