Шемонаиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 13 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 4876 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "2015 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 395 қаулысының (2014 жылғы 31 желтоқсанда "Уба-Информ" газетінің № 53 санында жарияланған, Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3586 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 396 қаулысының (2015 жылғы 07 қантарда "Уба-Информ" газетінің № 1 санында жарияланған, Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3594 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады