Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда №9987 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;
2) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;
3) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |
2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Мал шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3414 | 13490 | 46055 |
Барлық сомасы | 46055 | ||||
Етті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 18000 | 120281 | 2165058 |
2) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20000 | 20329 | 406580 |
3) | жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104000 | 222 | 23088 |
2. | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | ||||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154000 | 2356 | 362824 |
3. | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 3-деңгей | кг | 100 | 42400 | 4240 |
4. | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейінде бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24000 | 496 | 11904 |
Барлық сомасы | 2973694 | ||||
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | | | ||
1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20000 | 991 | 19820 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154000 | 120 | 18480 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 118000 | 100 | 11800 |
3. | Сүт өндірісінің құнын арзандату | | | ||
1) | 1-деңгей | кг | 25 | 659000 | 16475 |
2) | 3-деңгей | кг | 10 | 841000 | 8410 |
Барлық сомасы | 74985 | ||||
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 2-деңгей | дана | 2,6 | 40535000 | 105391 |
Барлық сомасы | 105391 | ||||
Шошқа шаруашылығы | | | |||
1. | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | кг | 98 | 120000 | 11760 |
Барлық сомасы | 11760 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы | бас | 1500 | 110160 | 165240 |
2) | асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 1500 | 15542 | 23313 |
2. | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 1000 | 8000 |
3. | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 2-деңгей | кг | 100 | 34520 | 3452 |
Барлық сомасы | 200005 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40000 | 130 | 5200 |
2. | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | кг | 92 | 25283 | 2326 |
3. | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | кг | 60 | 19917 | 1195 |
Барлық сомасы | 8721 | ||||
Барлығы | 3420611 |
кг – килограмм.
2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
| Ірі қара мал шаруашылығы | | |
1 | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3414 |
2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 1. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы. 2. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасының болуы. 3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерінің болуы. 4. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы. |
2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы;2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №196 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4468 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қазандағы №315 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4589 тіркелген, 2016 жылғы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.