Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда №9987 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 ақпанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |
2016 жылғы 20 қазандағы №315 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
|
2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн
және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Мал шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3 196 | 16 754 | 53 546 |
Етті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 18 000 | 127 731 | 2 299 158 |
2) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 16 608 | 332 160 |
3) | жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 406 | 42 224 |
2. | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | ||||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 4 347 | 669 438 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 118 000 | 49 | 5 782 |
3. | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 1-деңгей | кг | 300 | 24 942 | 7 483 |
2) | 3-деңгей | кг | 100 | 751 000 | 75 100 |
4. | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24 000 | 500 | 12 000 |
| Барлық сомасы | 3 443 345 | |||
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 991 | 19 820 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 51 | 7 854 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 118 000 | 101 | 11 918 |
3. | Сүт өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 1-деңгей | кг | 25 | 1 395 600 | 34 890 |
2) | 3-деңгей | кг | 10 | 666 609 | 6 666 |
| Барлық сомасы | 81 148 | |||
Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 2-деңгей | дана | 2,6 | 102 468 461 | 266 418 |
| Барлық сомасы | 266 418 | |||
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | кг | 98 | 800 000 | 78 400 |
| Барлық сомасы | 78 400 | |||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 50 000 | 75 000 |
2) | асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 15 542 | 23 313 |
2. | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 1 000 | 8 000 |
3. | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату: | ||||
1) | 2-деңгей | кг | 100 | 4920 | 492 |
| Барлық сомасы | 106 805 | |||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 164 | 6 560 |
2. | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | кг | 92 | 159 945,65 | 14 715 |
3. | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | кг | 60 | 39 534 | 2 372 |
| Барлық сомасы | 23 647 | |||
| Барлығы | 4 053 309 |
кг – килограмм.