Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылдың 10 ақпанда № 4684 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.04.2017 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда №9987 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;
      2) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;
      3) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Мал шаруашылығы

1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

3414

13490

46055

Барлық сомасы

46055

Етті бағыттағы мал шаруашылығы

1.
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

бас

18000

120281

2165058

2)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20000

20329

406580

3)
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104000

222

23088

2.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154000

2356

362824

3.
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
1)
3-деңгей

кг

100

42400

4240

4.
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейінде бордақылау алаңдарына өткізу

бас

24000

496

11904

Барлық сомасы

2973694

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы

1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
 
 
1)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20000

991

19820

2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154000

120

18480

2)
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал

бас

118000

100

11800

3.
Сүт өндірісінің құнын арзандату
 
 
1)
1-деңгей

кг

25

659000

16475

2)
3-деңгей

кг

10

841000

8410

Барлық сомасы

74985

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей
дана

2,6

40535000

105391

Барлық сомасы

105391

Шошқа шаруашылығы

 
 
1.
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату

кг

98

120000

11760

Барлық сомасы

11760

Қой шаруашылығы

1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы

бас

1500

110160

165240

2)
асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

1500

15542

23313

2.
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

1000

8000

3.
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей

кг

100

34520

3452

Барлық сомасы

200005

Жылқы шаруашылығы

1.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40000

130

5200

2.
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

кг

92

25283

2326

3.
Қымыз өндірісінің құнын арзандату

кг

60

19917

1195

Барлық сомасы 

8721

Барлығы 

3420611

      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
      кг – килограмм.

  2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі


Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

 

Ірі қара мал шаруашылығы

 
 
1
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

3414

  2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар


Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы.
2. Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасының болуы.
3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерінің болуы.
4. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы.

  2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №196 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4468 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қазандағы №315 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №14 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4589 тіркелген, 2016 жылғы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады