Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.11.2023 № 285 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 65 "Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4308 тіркелген, 2016 жылы 31 наурызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен белгіленген Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiндегі 4-тарау алынып тасталсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Қ.Аймұрзиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |