Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 285 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 қарашадағы № 7290-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы
24 қарашадағы № 285
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №65 "Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерінің лауазымдық жалақысының мөлшерлерін, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4308 болып тіркелді);

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №23 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 65 "Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерлерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4701 болып тіркелді);

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі №180 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №65 "Батыс Қазақстан облысының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдары басшысының, оның орынбасарларының және бас бухгалтерінің лауазымдық жалақысының мөлшерлерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы беру жүйесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады