1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 "Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3789 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтарда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С. Ғ. Нұрғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |