"Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 3789 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.02.2017 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (М. Л. Тоқжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 22 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жер құқығы қатынастары саласында мемлекеттік бақылау болып табылады.
      15. Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтау;
      2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеу;
      3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;
      4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзу;
      5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беру;
      6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлердi жобалау, орналастыру мен салу;
      7) жердi жақсарту, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестер салдарының алдын алу мен жою жөнiндегi iс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
      8) азаматтардың оларға жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiн сақтау;
      9) межелiк белгiлердi сақтау;
      10) жергiлiктi атқарушы органдардың уақытша жер пайдалануға берген жерлерін уақтылы қайтару;
      11) бүлiнген жерді қалпына келтіру;
      12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану;
      13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын және басқа да жобаларды жүзеге асыру;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      3) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      4) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
      5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
      6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады