Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.12.2018 № 21-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі №5-4 "Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4517 тіркелген, 2016 жылы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Амирханян |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
М. Құлшар |
2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-2 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне қосымша |
|
2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-4 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне 2-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар ауылдық және ауданішілік автомобиль қатынастардың тізбесі
№ | Қатынастардың нөмірі | Қатынастардың атауы | Қатынастардың түрі | Аудандардың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 1 | Чапаев ауылы "Мұнай базасы" аялдамасы – "Жайық" аялдамасы | ауылдық | Ақжайық |
2 | 1 | Переметный ауылы "Пошта" аялдамасы – "Аудандық аурухана" аялдамасы | ауылдық | Зеленов |
3 | 2 | Переметный ауылы "Пошта" аялдамасы - "Элеватор" аялдамасы | ауылдық | Зеленов |
4 | 1 | Казталов ауылы "Атамекен кафесі" аялдамасы – "Шекара заставасы" аялдамасы | ауылдық | Казталов |
5 | 1 | Тасқала ауылы "С.Жақсығұлов" шағын ауданы" аялдамасы – "Сәулет" шағын ауданы" аялдамасы | ауылдық | Тасқала |
6 | 1 | Федоровка ауылы "Тәуелсіздік-Молодежная" аялдамасы – "Бейбітшілік-Молодежная" аялдамасы | ауылдық | Теректі |
7 | 10 | Переметное ауылы – Мичурино ауылы Мичурино ауылы – Переметное ауылы | ауданішілік | Зеленов |
8 | 12 | Зеленое ауылы – Мичурино ауылы Мичурино ауылы – Зеленое ауылы | ауданішілік | Зеленов |
9 | 15 | Белес ауылы – Мичурино ауылы Мичурино ауылы – Белес ауылы | ауданішілік | Зеленов |
10 | 13 | Щапово ауылы – Мичурино ауылы Мичурино ауылы - Щапово ауылы | ауданішілік | Зеленов |
11 | 8 | Железново ауылы – Мичурино ауылы Мичурино ауылы – Железново ауылы | ауданішілік | Зеленов |
12 | 8а | Железново ауылы – Переметное ауылы Переметное ауылы – Железново ауылы | ауданішілік | Зеленов |
13 | 3 | Қараөзен ауылы – Казталов ауылы Казталов ауылы – Қараөзен ауылы | ауданішілік | Казталов |
14 | 6 | Бостандық ауылы – Казталов ауылы Казталов ауылы – Бостандық ауылы | ауданішілік | Казталов |
15 | 8 | Әжібай ауылы – Казталов ауылы Казталов ауылы – Әжібай ауылы | ауданішілік | Казталов |
16 | 1 | Қаратөбе ауылы – Шөптікөл ауылы Шөптікөл ауылы – Қаратөбе ауылы | ауданішілік | Қаратөбе |