Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі Битілеу ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 4668 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 645 ұсынысы негізінде, Ақжол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылының аумағында ұсақ мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 3 шілдедегі "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3945 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық құқықтық банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақжол ауылдық округінің әкімі Т. Утемисов

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Битлеу Акжолского сельского округа Акжаикского района

Решение акима Акжолского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 11 января 2017 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 25 января 2017 года № 4668

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Акжаикская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 6 декабря 2016 года № 645, аким Акжолского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия, установленные в связи с возникновением заболевания инфекционного эпидидимита среди мелкого рогатого скота на территории села Битлеу Акжолского сельского округа Акжаикского района.

      2. Признать утратившим силу решение исполняющего обязанности акима Акжолского сельского округа Акжаикского района от 3 июля 2015 года "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Битлеу Акжолского сельского округа Акжаикского района" № 12 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3945, опубликованное 16 июля 2015 года в газете "Жайық таңы").

      3. Обеспечение государственной регистрации данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации и контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Акжолского сельского округа Т. Утемисов