Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 203 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылы аумағында ұсақ мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 08.09.2015 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуін және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
К. Ажгалиев |