Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 645 ұсынысы негізінде, Ақжол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылының аумағында ұсақ мал арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 3 шілдедегі "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3945 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық құқықтық банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақжол ауылдық округінің әкімі | Т. Утемисов |