Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Чапаев ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Ленин" көшесі – "Жұбан" көшесі;
"Братская" көшесі – "Бауырластар" көшесі;
"Гагарин" көшесі – "Мәңгілік ел";
"Набережная" көшесі – "Татулық" көшесі;
"Фурманов" көшесі – "Атамекен" көшесі;
"Щурихин" көшесі – "Еңбек" көшесі деп қайта аталсын.
2. Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Зейнуллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Мұхтарұлы |