Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 135 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 4911 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Чапаев ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Ленин" көшесі – "Жұбан" көшесі;

      "Братская" көшесі – "Бауырластар" көшесі;

      "Гагарин" көшесі – "Мәңгілік ел";

      "Набережная" көшесі – "Татулық" көшесі;

      "Фурманов" көшесі – "Атамекен" көшесі;

      "Щурихин" көшесі – "Еңбек" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Зейнуллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Чапаев ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Мұхтарұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады