Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 14.05.2018 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2017 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Бексеитов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Каналинге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Ихсанов |
2017 жылғы 26 сәуірдегі №346 Бөрлі ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын
өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында
2017 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ |
Өсімдік шаруашылығы | Оңтайлы мерзімдер | |
3 құрғақ дала аймағы | |||
басталуы | аяқталуы | ||
1. | Жаздық арпа | 1 мамыр | 5 мамыр |
2. | Сұлы | 1 мамыр | 5 мамыр |
3. | Жаздық бидай | 10 мамыр | 25 мамыр |
4. | Тары | 20 мамыр | 25 мамыр |
5. | Күнбағыс | 5 мамыр | 15 мамыр |
6. | Мақсары | 10 мамыр | 25 мамыр |
7. | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек |