Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңның 6 – бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 97 – бабына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі №5-5 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-3-133 тіркелген, 2012 жылғы 30 тамыздағы "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай редакциядағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік қызметшілер.".
2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Л.Ж.Уржанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К.Ермекбаев |
Мәслихат хатшысы | А.Куликешев |