Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдеде № 5-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 тамызда № 7-3-133 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 18.09.2020 № 53-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 97 бабына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктелетін келесі азаматтар санаты айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      мемлекеттік қызметшілер;

      бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 18.09.2020 № 53-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Кусаинова
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады