1. Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 546 "2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, 2016 жылғы 23 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Жақыпов |