Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 546 "2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылдың 15 ақпанда № 4689 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 546 "2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, 2016 жылғы 23 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К.Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады