Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 қазандағы № 19-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 4937 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 52-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 03.04.2020 № 52-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      9 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бір реттік әлеуметтік көмек:

      1) қатерлі ісік ауруымен онкологиялық есепте тұрған ауруларға, туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;

      2) дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысы негізінде облыстан тысқары жерлерге емделуге баратын азаматтарға табыстарын есепке алмай ересектерге 15 АЕК, балаларға 29 АЕК мөлшерінде;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) табыстарын есепке алып 5 АЕК мөлшерінде;

      4) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;

      5) гемодиализ аппаратын қабылдайтын I топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;

      6) Ұлы Отан соғысы мүгедегіне үйін жөндеуге 250 АЕК мөлшерінде;

      7) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсіміне 15 АЕК мөлшерінде;

      8) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскериқызмет өткерген азаматтарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табыстарын есепке алмай 32 АЕК мөлшерінде;

      9) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге баратын жол жүру (барып, қайту ) шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде;

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға босатылғаны туралы анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде.";

      көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Тайшиев
      Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
________________М.Тоқжанов
11 10. 2017жыл

  Сырым ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидасына
қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1.

9 мамыр – Жеңіс күні

бір реттік

2.

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні

бір реттік

3.

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні

бір реттік

4.

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

бір реттік

5.

Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні

бір реттік


О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 16-8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района"

Решение Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 9 октября 2017 года № 19-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 27 октября 2017 года № 4937. Утратило силу решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 3 апреля 2020 года № 52-2

      Сноска. Утратило силу решением Сырымского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 03.04.2020 № 52-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", от 29 декабря 2008 года "О специальных социальных услугах", Указом Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 26 "О некоторых вопросах реабилитации инвалидов", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2017 года № 52 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республикаского бюджета на 2017 года областным бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на внедрение обусловленной денежной помощи по проекту "Өрлеу" и от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Сырымский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сырымского районного маслихата от 26 декабря 2013 года № 16-8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3407, опубликованное 6 февраля 2014 года в газете "Сырым елі") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сырымского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9.  Единовременная социальная помощь оказывается:

      1) больным злокачественными новообразованиями, состоящие на учете в онкологическом диспансере, больным туберкулезом, на основании справки подтверждающей заболевание без учета доходов в размере 15 МРП;

      2) гражданам, выезжающим на лечение за пределы области на основании заключения врачебно-консультативной комиссии без учета доходов в размере взрослым 15 МРП, детям 29 МРП;

      3) малообеспеченным гражданам (семьям), среднедушевой доход приходящийся на каждого члена семьи в месяц ниже прожиточного минимума с учетам доходов в размере 5 МРП;

      4) лицам, достигшим 90 лет и более, без учета доходов в размере 15 МРП;

      5) инвалидам І группы находящиеся на аппарате гемодиализ без учета доходов в размере 50 МРП;

      6) инвалиду Великой Отечественной войны на ремонт жилого дома в размере 250 МРП;

      7) на погребение малообеспеченных граждан (семье) в размере 15 МРП;

      8) участникам, инвалидам войны,приравненных к ним лицам, их вдовам, семьям погибших военнослужащих, гражданам, трудившимся и проходившим воинскую службу в тылу для получения санаторно-курортного лечения без учета доходов в размере 32 МРП;

      9) инвалидам, для возмещения расходов, связанных с их проездом (туда и обратно) на санаторное лечение, согласно индивидуальной программе реабилитации, в размере стоимости билетов;

      10) гражданам, освободившимся из мест лишения свободы на основании справки об освобождении без учета доходов в размере 10 МРП.";

      приложение 1 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению

      2. Главному специалисту аппарата Сырымского районного маслихата (А.Орашева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д.Тайшиев
      Секретарь маслихата Ш.Дуйсенгалиева

      "СОГЛАСОВАН"
Заместитель акима
Западно-Казахстанской области
______________М.Токжанов
11 10. 2017 год

  Приложение
к Правилам оказания
социальной помощи,
установления размеров и
определения перечня отдельных
категорий нуждающихся
граждан Сырымского района

Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи, а также кратность оказания социальной помощи

Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи

Кратность оказания социальной помощи

1.

9 мая – День Победы

единовременно

2.

15 февраля – День вывода советских войск с территории Афганистана

единовременно

3.

26 апреля – День памяти жертв аварии на Чернобыльской АЭС

единовременно

4.

29 августа – Международный день действий против ядерных испытаний

единовременно

5.

Второе воскресенье сентября – День семьи

единовременно