Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 03.04.2020 № 52-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Қазмағамбетов |
Мәслихат хатшысы | А. Галимов |
"КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_____________ Б. Мәкен
30.12.2013 ж.
2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 Сырым аудандық мәслихатының шешімімен бекітілді |
Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидасы
1. Осы Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
8) алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 2-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
11) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
12) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
13) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
14) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
15) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
16) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 2-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.12.2018 № 34-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидасында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгіленді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және
әлеуметтік көмектің мөлшерлері
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2 АЕК мөлшерінде, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған соңғы әскерге шақырылған адамдарға 2,9 АЕК мөлшерінде.
3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
4) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 13.05.2014 № 20-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2016 № 2-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2016 № 4-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.12.2018 № 34-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8-1. Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай туберкулез ауруымен ауыратын есепте тұрған ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай тоқсан сайын 5 АЕК мөлшерінде
Ескерту. Қағидалар 8-1 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 29.11.2019 № 47-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)9. Бір реттік әлеуметтік көмек:
1) қатерлі ісік ауруымен онкологиялық есепте тұрған ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
2) дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысы негізінде облыстан тысқары жерлерге емделуге баратын азаматтарға табыстарын есепке алмай ересектерге 15 АЕК, балаларға 29 АЕК мөлшерінде;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) табыстарын есепке алып 5 АЕК мөлшерінде;
4) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
5) гемодиализ аппаратын қабылдайтын I топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысы мүгедегіне үйін жөндеуге 250 АЕК мөлшерінде:
7) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсіміне 15 АЕК мөлшерінде;
8) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскериқызмет өткерген азаматтарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табыстарын есепке алмай 32 АЕК мөлшерінде;
9) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге баратын жол жүру (барып, қайту ) шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде;
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға босатылғаны туралы анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 09.10.2017 № 19-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 29.11.2019 № 47-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері ЖАО осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес белгіленген.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес белгіленген.
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ауданның ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Алынып тасталды – Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 19.12.2018 № 34-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін осы Қағиданың 10 тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және
қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 1 қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері,
сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 09.10.2017 № 19-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі |
1. | 9 мамыр – Жеңіс күні | бір реттік |
2. | 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні | бір реттік |
3. | 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні | бір реттік |
4. | 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні | бір реттік |
5. | Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні | бір реттік |
Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 2 қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері,
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай
туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
№ | Алушылар санатының тізбесі | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1. | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы) | 30 АЕК | бір ай мерзімде |
Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 3 қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен
мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 27.11.2014 № 24-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 29.11.2019 № 47-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі | Әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері (теңге) |
1. | Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары | 150 000 |
2. | Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар: | |
1) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар | 150 000 | |
2) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар | 20 000 | |
3) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары | 20 000 | |
4) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер | 50 000 | |
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандар, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар | 30 000 | |
3. | Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар: | |
1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер | 50 000 | |
2) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары | 30 000 | |
4. | Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары: | |
1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы | 20 000 | |
2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы | 20 000 | |
3) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы | 20 000 | |
4) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда | 10 000 | |
5) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi) | 15 000 | |
6) қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай) | 20 000 | |
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар | 15 000 | |
5. | 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар | 10 000 |
6. | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға | 20 000 |
7. | 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 10 000 |
Ескерту: аббревиатуралардың шешімі:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
Чернобыль АЭС – Чернобыль атом электр станциясы.