1. Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "Теректі ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 "Теректі ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4273 тіркелген, 2016 жылғы 11 наурыздағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.С.Тукжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Мукаев |