Теректі ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 4273 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 14.02.2017 № 29 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы бойынша 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) алты айдан жоғары уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жыл және одан да көп);
      4) отбасында бір де бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      6) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (бірінші рет жұмыс іздеушілер).
      2. "Теректі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 81 "Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Нурмаганбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Сериккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады