Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 465 ұсынысы негізінде, Ақжайық ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Теректі ауданы Ақжайық селолық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 12 "Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3836 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Мадиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Т.С. Туркеев |