Теректі ауданы Ақжайық селолық округі Ақжайық ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 4698 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 465 ұсынысы негізінде, Ақжайық ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Теректі ауданы Ақжайық селолық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 12 "Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылы аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3836 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г.Мадиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Т.С. Туркеев

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Акжаик Акжаикского сельского округа Теректинского района

Решение исполняющего обязанности акима Акжаикского сельского округа Теректинского района Западно-Казахстанской области от 6 февраля 2017 года № 8 . Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 28 февраля 2017 года № 4698

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Теректинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 27 декабря 2016 года № 465, исполняющий обязанности акима Акжаикского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия установленные в связи с возникновением заболевания бруцеллеза крупного рогатого скота на территории села Акжаик Акжаикского сельского округа Теректинского района.

      2. Признать утратившим силу решения акима Акжаикского сельского округа Теректинского района от 20 февраля 2015 года № 12 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Акжаик Акжаикского сельского округа Теректинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3836, опубликованное 18 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Главному специалисту аппарата акима Акжаикского сельского округа (Мадиев Г.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решения вводится в действие после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
Акжаикского сельского округа
Т.С. Туркеев