Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы міндетін атқарушысының 2015 жылдың 18 ақпандағы № 102 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Ақжайық селолық округі Ақжайық ауылының аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ақжайық селолық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. М. Мадиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық селолық | |
округі әкімі | М. Г. Дуйсенгалиев |